» » » » Вопросы и ответы ВОУД 2017 по всемирной истории на казахском языке
0

Вопросы и ответы ВОУД 2017 по всемирной истории на казахском языке

Вопросы и ответы ВОУД 2017 по всемирной истории на казахском языке

1 вариант

1. Құрамына Батыс Словакия, Чехия, Силезия кірген тұңғыш Батыс славян мемлекеті
A) Ұлы Морав мемлекеті
B) Чехия мемлекеті
C) Словакия мемлекеті
D) Польша мемлекеті
E) Ұлы Карл мемлекеті
2. Кирилл мен Мефодий ІХ ғасырда славян әліппесінің үлгісін жасады
A) Ұлы Морав шіркеуінде
B) Әулие Петр соборы
C) Константинополь шіркеуінде
D) София соборында
E) Киев монастырьнда
3. Токугава сегунатында жапонияның мәдениеті өркендеген кезең
A) ХV-ХVІ ғасырлар
B) ХVІ-ХVІІ ғасырлар
C) ХV-ХІХ ғасырлар
D) ХІV-ХV ғасырлар
E) ХVІІ-ХVІІІ ғасырлар
4. Герман империясы құрылды
A) 1879 ж.
B) 1871 ж.
C) 1875 ж.
D) 1873 ж.
E) 1877 ж.
5. ХІХ ғ. Қытайды ауыр жағдайдан шығарудың жолын іздеген революциялық-демократиялық қозғалыстың көсемі
A) Пу И
B) Лян Цичао
C) Сунь Ятсен
D) Юань Шикай
E) Кан Ювэй
6. Екінші дүниежүзілік соғыс осы мемлекеттің жеңілуімен аяқталды
A) Румыния
B) Германия
C) Жапония
D) Венгрия
E) Италия
7. «Авеста» шығармасында уағыздалатын діни ілім
A) манихейлік
B) иудейлік
C) несториандық
D) заратуштралық
E) буддалық
8. Ортағасырлардағы Италия жерінде тәуелсіздікке қол жеткізген қала-мемлекеттердің ішіндегі ең қуаттысы
A) Венеция
B) Генуя
C) Пиза
D) Флоренция
E) Милан
9. XV-XVI ғ.ғ. теңіз арқылы Үндістанға алғаш жеткен еуропалықтар
A) ағылшындар
B) португалдықтар
C) француздар
D) испандықтар
E) италияндықтар
10. Ресейде Романовтар әулетінің билік құрған кезеңі
A) 1612-1915 жылдар
B) 1600-1700 жылдар
C) 1611-1913 жылдар
D) 1610-1900 жылдар
E) 1613-1917 жылдар
11. Монарх өте сауатты, данышпан философ болуы керек деген қағиданы ұстанған ағартушы
A) Иоганн Вольфганг Гете
B) Иоганн Готфрид Гердер
C) Исаак Ньютон
D) Иммануил Кант
E) Франсуа Мари Аруэ
12. Азамат соғысы кезінде Ресейде халық шаруашылығын басқаруда жүргізілген саясат
A) Жаңа экономикалық саясат
B) «Жаңа бағыт» саясаты
C) «Әскери коммунизм» саясаты
D) Қаржы саясаты
E) Бейбітшілік саясаты
13. 1929-1934 жылдары Монғолияда жүргізілген экономикалық саясат
A) ұжымдастыру
B) бай-феодалдардың дүние-мүлкін тәркілеу
C) жекешелендіру
D) жер-су реформасын жүргізу
E) индустрияландыру
14. 2007ж. Ұлыбританияның премьер-минстрі болған, лейбористік партияның жаңа жетекшісі
A) М.Тэтчер
B) Г.Макмиллан
C) Г.Браун
D) Э.Хит
E) Г.Вильсон
15. ХХ ғ. 70-жылдары Үндістан мен Пәкістан арасындағы келісім
A) Джайпур
B) Мултан
C) Бомбей
D) Исламабад
E) Симла
16. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапонияның егемендігін қайтару туралы шешім қабылдаған конференция
A) Потсдам
B) Париж
C) Ялта
D) Версаль
E) Сан-Франциско
17. Македония мен гректердың арасында ең ірі Херонея соғысы өткен жыл
A) б.з.д. 301 жыл
B) б.з.д. 338 жыл
C) б.з.д. 330 жыл
D) б.з.д. 329 жыл
E) б.з.д. 300 жыл
18. Рим үстемдігі өзгергеннен кейін Сицилияны басқаруға тағайындалған лауазымды қызмет
A) Магистр
B) Патша
C) Қолбасшы
D) Әкім
E) Аристократ
19. «Найзағай» атанған түрік билеушісі
A) I Мұрад
B) II Мұрад
C) Баязит
D) II Мехмед
E) I Мехмед
20. 1937 жылы Англияда қоғамдық тәртіп туралы заңның шығу себебі
A) сыртқы саясаттың әсері
B) салықтың көтерілуі
C) үкімет қысымы
D) әр-түрлі фашистік ұйымның белсенділігі
E) жұмысшылардың наразылығы





2 вариант

1. Х ғасырдағы Польша мемлекетінің алғашқы астанасы
A) Силезия
B) Гнезно
C) Познань
D) Варшава
E) Краков
2. Батудың орыс жерінде құрған мемлекеті
A) Көк Орда
B) Алтын Орда
C) Сібір хандығы
D) Ноғай Ордасы
E) Ақ Орда
3. Ихэтуандар көтерілісі болған ел
A) Жапония
B) Сирия
C) Үндістан
D) Қытай
E) Корея
4. АҚШ-та азамат соғысы болған жылдар
A) 1873-1875 жж
B) 1862-1867 жж
C) 1846-1848 жж
D) 1840-1842 жж
E) 1861-1865 жж
5. 1840-1842 жылдары аралығында Англия мен Қытай арасындағы соғыс атауы
A) Шығыс соғысы
B) Қант соғысы
C) Тәуелсіздік үшін соғыс
D) Апиын соғысы
E) Теңіз соғысы
6. II дүниежүзілік соғыс жылдарында «Азат Франция» қозғалысын басқарған генерал
A) Петэн
B) Л.Блюм
C) Ж.Бидо
D) Ш. де Голль
E) Ф.Гуэн
7. Парсы тілді халықтардың мұра болып жеткен ең көрнекті әдеби шығармасы
A) «Авеста»
B) «Шахнама»
C) «Рамаяна»
D) «Манас»
E) «Махабхарата»
8. 1453 жылғы жүзжылдық соғыста француздардың пайдасына шешілген шайқас
A) Креси
B) Пуатье
C) Орлеан
D) Азенкур
E) Бордо
9. 1608 ж. орталығы Квебек қаласы болған Француз отарының негізі қаланды
A) Мексикада
B) Перуде
C) Канадада
D) Бразилияда
E) Кубада
10. Опричина саясатын енгізген патша
A) ІІІ Иван
B) І Петр
C) Борис Годунов
D) ІV Иван
E) ІІІ Василий
11. Францияда Адам және азамат құқықтарына байланысты маңызды құжат қабылданған уақыт
A) 1789 жыл 26-тамыз
B) 1789 жыл 26-қыркүйек
C) 1789 жыл 26-қазан
D) 1789 жыл 26-желтоқсан
E) 1789 жыл 26-қараша
12. 1914 жылы Германияның «Қауырт соғыс» жоспары күйреп, сәтсіздікке ұшыраған шайқасы
A) Сомма шайқасы
B) Седан шайқасы
C) Марна шайқасы
D) Аррас шайқасы
E) Верден шайқасы
13. 1937 жылы Гоминьдан үкіметінің ҚКП мен біртұтас майдан құруының себебі
A) Жұмысшы-шаруа кеңестерінің жеңісі
B) Жапон империализмінің шабуылына байланысты
C) КСРО-ның қысым көрсетуі
D) Ұлттар Лигасының шешіміне сәйкес
E) ІІ Дүниежүзілік соғыстың басталуы
14. «Германдық ғажайыптың» алғышарттық негізі
A) нарықтық экономика
B) әлеуметтік көмек көрсету
C) жаңа техника мен технология
D) сыртқы сауданы шектеу
E) отарларды қанау
15. 1979 жылы Иран ақпан революциясының қорытындысы
A) Кеңес үкіметі жеңіске жетті
B) Елде ислам құқығының дәстүрлері қайта жанданды
C) Иран батыс елдермен жақындасты
D) Елде монархиялық билік орнады
E) Шетелдіктер елден қуылды
16. 2003 жылы АҚШ пен Англия соғыс ашқан ел
A) Кувейт
B) Югославия
C) Египет
D) Ирак
E) Ауғанстан
17. Ежелгі Грекияда тұңғыш Олимпия ойындары өткен жыл
A) б.з.д 779 жыл
B) б.з.д 770 жыл
C) б.з.д 776 жыл
D) б.з.д 780 жыл
E) б.з.д 777 жыл
18. Готтар “Мәңгі қала” Римге келетін мына жолды кесіп тастады
A) Нан таситын жол
B) Сауда жолы
C) Кеме жолы
D) Керуен жолы
E) Отын таситын жол
19. Қазіргі Эфиопияның солтүстігінде ІІІ ғасырға қарай құрылған, орта ғасырлардағы Африкадағы қуатты мемлекеттердің бірі
A) Аксум
B) Танзания
C) Зулустар мемлекеті
D) Гана
E) Эфиопия
20. 1919 жылы Веймар Республикасының кезеңі басталған оқиға
A) бір партиялы жүйе енгізілді
B) азамат соғысы аяқталды
C) экономикалық өрлеу басталды
D) конституция мен бітімге қол қойылды
E) реформалар жүргізілді





3 вариант

1. Қыпшақ ханы Қоншақ пен кінәз Игорь арасындағы соғыс баяндалатын әдеби мұра
A) «Владимир Монамах өсиеті»
B) «Бағзы замандар хикаясы»
C) «Орыс жерінің опат болуы»
D) «Игорь жорығы туралы жыр»
E) «Роланд туралы жыр»
2. Роджер Бэконның білім алу туралы көзқарасы
A) қолжазбалар арқылы
B) өкіметтің көмегі арқылы
C) көшіру арқылы
D) шіркеудің көмегімен
E) бақылау мен тәжірибе көмегі арқылы
3. 1691 ж. Солтүстік Монғолия жері құрамына кірген ел
A) Иран
B) Жапония
C) Үндістан
D) Цинь империясы
E) Осман империясы
4. ХVІІІ-ХІХ ғғ. АҚШ-тың оңтүстік аймағында үстемдік еткен шаруашылықтың түрі
A) мердігерлік шаруашылық
B) плантациялық шаруашылық
C) арендалық шаруашылық
D) акционерлік шаруашылық
E) фермерлік шаруашылық
5. 1876 ж. Жапон экспансиясының алғашқы құрбаны болған мемлекет
A) Қытай
B) Филиппин
C) Корея
D) Тайланд
E) Вьетнам
6. 1939 жылы 30 қарашада Кеңес Одағы соғыс әрекетін бастаған ел
A) Финляндия
B) Германия
C) Жапония
D) Венгрия
E) Италия
7. Оңтүстік-Батыс Азия жеріндегі ежелгі кеме жасаушылар мен теңізде жүзушілер
A) финикиялықтар
B) ассириялықтар
C) парсылар
D) шумерлер
E) вавилондықтар
8. 1212 жылы Мұхаммед хорезмшахқа қарсы халық көтерілісі болған Орта Азия қаласы
A) Андижан
B) Самарқан
C) Үргеніш
D) Бұхара
E) Ташкент
9. Итальян ғалымы Галилео Галилейдің 1609 жылғы жасаған ғылыми тәжірибесі
A) жердің тартылыс күшін анықтады
B) телескоппен Ай және басқа планеталарды бақылады
C) судың құрамын анықтады
D) өсімдік құрамындағы ақуыздарды бақылады
E) ауа-райын болжады
10. Халық Грозный деп атаған орыс патшасы
A) И.Калита
B) Б.Годунов
C) IV Иван
D) III Василий
E) Ю.Долгорукий
11. В.Ключевский «Сарайлар төңкерісі дәуірі» деп атаған Ресей тарихының кезеңі
A) 1727-1733 жж.
B) 1425-1761 жж.
C) 1728-1734 жж.
D) 1729-1735 жж.
E) 1724-1730 жж.
12. Польшадағы Ю.Пилсудский орнатқан диктаторлық тәртібінің атауы
A) «Қайта құру»
B) «Жаңа бағыт»
C) «Жаңа белес»
D) «Cауықтыру»
E) «Мәдени төңкеріс»
13. 1932 ж. Жапония басып алған Қытай өлкесі
A) Маньчжурия
B) Шынжан
C) Тибет
D) Ішкі Монғолия
E) Ганьсу
14. Франциядағы Бесінші республиканы Шарль де Голль басқарған кезең
A) 1952-1960 ж.ж.
B) 1950-1956 ж.ж.
C) 1958-1969 ж.ж.
D) 1946-1958 ж.ж.
E) 1947-1959 ж.ж.
15. 1989 жылдан бастап мұнай экспорттайтын елдер ұйымына (ОПЕК) мүше елдер
A) Сирия, Марокко
B) Ливия, Судан
C) Тунис, Египет
D) Мавритания, Тунис
E) Алжир, Ливия
16. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін «Таяу Шығыс мәселесінің» туындауына себеп болған
A) Араб-Израиль жанжалы
B) Үндіқытайдағы азаттық соғыс
C) Корея соғысы
D) Кәшмір дағдарысы
E) Үндістан-Пәкістан жанжалы
17. Ежелгі Грекияда сәулет өнерінің барынша қарқынды дамыған уақыты
A) б.з.д. ІІІ ғасыр
B) б.з.д. VI ғасыр
C) б.з.д. Х ғасыр
D) б.з.д. V ғасыр
E) б.з.д. VIII ғасыр
18. Рим Республикасындағы атқарушы өкімет
A) магистраттар
B) аристократтар
C) сенаторлар
D) патшалар
E) трибалар
19. ХІ ғасырда Орыс мемлекетінің гүлденіп, дамуына негіз жасаған ұлы кінәз
A) Олег
B) Владимир Мономах
C) Ярослав Мудрый
D) Святослав
E) Игорь
20. ХХ ғ. 20 жылы билікке келген К.Кулидж үкіметінің ұраны
A) «Жетекші елге айналу»
B) «Американдық жүйе»
C) «Жаңа бағыт»
D) «Жақсы өмір орнату»
E) «Америка бизнеспен айналысады»

Скачать - 3482_test_mira_voud_.doc [82 Kb] (cкачиваний: 15)

Теги:

Другие новости по теме:

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.