» » » » Қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары
0

Қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары

Автор: Adminкатегория: Ученику / Казахский язык / Тестыдата: 31-12-2015, 00:59
Казахский язык

Тура мағыналы сөзді табыңыз.
А) Құлақ салды.
B) Құлақ етін жеді.
C) Баспасөз – қоғамның құлағы, тілі.
D) Құлағым ауырып жүр.
E) Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетеді.

Ауыспалы мағынада қолданылап тұрған сөзді табыңыз.
А) Күн сәулесі нұрын шашады.
B) Терезеден күн түсіп тұр.
C) Күнсіздерге күн болған.
D) Күнде-күнде осы жаттығуды қайталайды.
E) Күн ыстық екен.

Тура мағыналы сөзді табыңыз.
А) Бұл іс менің қолым екен.
B) Өз қолымен берді.
C) Әділ, Шалабайлар – байдың қол шоқпары.
D) Қолдың қысқалығынан бұл жолы да мардымды ештеңе бере алмады.
E) Көкеңе айтарсың, қолы ұзын адам емес пе?

Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді табыңыз.
А) Қолымен істегенді мойнымен көтереді де...
B) Бала-шағаға мойын-сойын да тамақ.
C) Аққудың мойнындай мойын көз алдынан кетер емес.
D) Компьютер алдында көп отырғандықтан, мойным қарысып қалыпты.
E) Күнде-күнде мойнына массаж жасатады.

Көп мағынаға ие болатын сөзді табыңыз.
Өзі бір жүзіктің көзінен өткендей пысық жігіт екен.
А) Жүзіктің.
B) Көзінен.
C) Өткендей.
D) Пысық.
E) Жігіт.

Көп мағыналы сөзді табыңыз.
Жақындаса, обаның басында жалпиған бір адам отыр.
А) Жақындаса.
B) Обаның.
C) Басында.
D) Жалпиған.
Е) Адам.

Құрамында «бет» сөзінің синонимі бар мақал-мәтелді табыңыз.
А) Еңбек - өмір ажары.
B) Жақсы ұл – елдің туы.
C) Айна - айна емес, халық- айна.
D) Көпке күл шашпа.
E) Мал сақтама, ар сақта.

Синоним болатын қатарды табыңыз.
А) Еріншек, сараң.
B) Ауыл-аймақ, ағайын.
C) Күйзелу, сүйсіну.
D) Келемеждеу, мазақтау.
E) Тоңу, шаршау.

Омоним болатын қатарды көрсетіңіз.
А) Жігер, күш.
B) Сыр, шық.
C) Терезе, есік.
D) Оқтау, тұтқа.
E) Түбір, түн.

Омоним сөзді көрсетіңіз.
А) Мектепті бітіруге бір жыл қалып еді.
B) Өзің кездескеннен өзгерген жоқ.
С) Мөңкенің үйі таң атқанша кісіден құр болмады.
D) Андрей тірліктен әлі үміт үзген жоқ.
E) Жүрегі анық бір жаманшылықты сезіп алқынып барады.

Антонимдері бар қатарды белгілеңіз.
А) Ар жазасы бар жазадан ауыр.
B) Малсыз болсаң да, арсыз болма.
C) Шеберден - олжа, шешеннен - сауға.
D) Еңбек – дәулет, бедел – сәулет.
E) Ағайын бір өліде, бір тіріде.

Антонимді бар қатарды белгілеңіз.
А) Өмірдің ащысы мен тұщысын қатар көріп келе жатқан бір бейбақ.
B) Қос жирен бастарын шұлғып, қайта-қайта пысқырынады.
С) Бүгін түн бойы ол баласын бауырына қысып жатты.
D) Бірақ миына сіңіп қалған дағдыдан әлі арыла алмай жүр.
E) Сөйтіп дар мен ар арпалысқа түсті.

Тұрақты тіркесті анықтаңыз.
А) Халық мұнша жиылады деген есте жоқ.
B) Ойын басталмай-ақ жұрт қымызға бас қойып жатыр.
C) Хорымыз жамырап жақсы шықпады.
D) Сауыққа өз әлімізше жақсы даярланғанбыз.
E) Әмірқан шығысымен шапалақ шартылдады.

Мақалды табыңыз.
А) Бұл жолы Әмірқан басқа әнге салды.
B) Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
C) Өңім екенін, түсім екенін білмедім.
D) Ғылым таппай мақтанба.
E) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

Тұрақты тіркесті анықтаңыз.
А) Немересі алдындағы асын тауысып ішті.
B) Таяуда әкемізге ас береміз.
C) Ас дайындау – сенің міндетің.
D) Ас алдында жеңіл сусын пайдалы.
E) Бұл дәмханада ыстық ас берілмейді екен.

Диалект сөзді табыңыз.
А) Қуырдақ.
B) Қамыр.
С) Табақ.
D) Кәсе.
E) Қазан.

Кәсіби сөзді табыңыз.
А) Жапырақ, гүлдесте.
B) Қоза, терімші.
C) Өсімдік, жеміс-жидек.
D) Жүзім, құлпынай.
E) Сәбіз, қарбыз.

Диалект сөзді табыңыз.
А) Нағашы.
B) Құдағай.
C) Бөле.
D) Абысын.
E) Құдаша.

Кәсіби сөзді қатарды табыңыз.
А) Қауын, қала.
B) Есік, қақпа.
C) Көзілдірік, дәрі-дәрмек.
D) Компьютер, монитор.
E) Әңгелек, торлама.

Көнерген сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
А) Оңтүстікте қыс тез өтеді.
B) Кәрі тарих – кәрі шежіре.
C) Болыс сайлауы болады деген лақап жұртқа тез тарады.
D) Үйдің іші ала-көлеңке.
E) Біраздан кейін көзден біржола ғайып болды.

Көнерген сөзге жатпайтын қатарды анықтаңыз.
А) Жарық жұлдыз, қызыл қайың.
B) Ханша, ханшайым.
С) Қызыл отау, кебеже.
D) Дойыр қамшы, қалқан.
E) Мауыты, батсайы.

Көнерген сөздің қанша топқа бөлінетінін анықтаңыз.
А) 5.
В) 6.
C) 4.
D) 3.
E) 2.

Көнерген сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
А) Төр бөлмеде шам жағылды.
B) Кәдуілгі, ағаш арасына ықтай қыстаған ауыл.
C) Қайсар Күреңтөбелді ерттей бастады.
D) Күреңтөбел мен Көкдауылдан қасқыр құтылған емес.
Е)Қасындағы бар жолдасына қоржын тола манат, мақпал, сәлемдеме берілді.

Көнерген сөзді қатарды анықтаңыз.
А) Ұл-қызыңның игілігін көр, жақсы ана.
B) Қолымнан домбырамды қалды тартып.
С) Жанбота, өзің болыс, әкең Қарпық.
D) Бұл екеуінің осы жолғы қонағы да өзгеше.
E) Аттар ерттелгелі де бірталай уақыт болған еді.

Кірме сөздердің қай тілден енгенін анықтаңыз.
Мектеп, тәрбие.
А) Орыс.
В) Араб.
C) Парсы.
D) Моңғол.
E) Түрік.

Кәсіби сөздерге қатысы жоқ саланы анықтаңыз.
А) Қолөнершілік, зергерлік.
B) Мақташылық, диқаншылық.
C) Диқаншылық, ұсталық.
D) Ағашшылық, суретшілік.
E) Тоқымашылық, малшылық.

Қазақ тіліндегі терминдердің жасалу жолын анықтаңыз.
А) 2.
B) 3.
C) 4.
D) 5.
Е) 6.

«Комплекс» сөзінің қазақша баламасын табыңыз.
А) Құрылым.
B) Кешен.
C) Мекеме.
D) Кеден.
E) Құрылыс.

Термин сөзді қатарды табыңыз.
А) Қасым ұста іске жарайды-ау деген мүйіздерді жинады.
B) Төртінші баптың бірінші тармағында қаралады.
C) Ініміздің пәтері төртінші қабатта.
D) Сұрапыл дауылға төтеп беру қиын-ақ.
E) Қарағым, қолыңнан келеді, зерттеушілікпен айналысқаның жөн.

Кәсіби сөзді анықтаңыз.
А) Нарық.
B) Әуежай.
C) Кеден.
D) Мамандық.
E) Торлама.

Қазақша баламасы жоқ интернационалдық терминді көрсетіңіз.
А) Глобус.
B) Космос.
C) Ракета.
D) Комплекс.
Е) Музей.

Терминдердің қандай ғылым саласына қатысты екенін табыңыз.
Аммиак, азон.
А) Физика.
B) Химия.
C) Математика.
D) География.
E) Биология.

Термин сөзді табыңыз.
А) Қарлығаш.
B) Бұлақ.
C) Аспан.
D) Жер серігі.
E) Болашақ.

Әріптің анықтамасын көрсетіңіз.
A) Үннен ғана тұратын дыбыстар.
B) Дыбыстық жақты зерттейтін.
C) Дыбыстың жазудағы таңбасы.
D) Алиф пен би атауларының бірігуі.
E) Кедергісіз шығатын дыбыстар.

Әліпбидегі әріптердің түрін анықтаңыз.
A) Жазба, ашық түрі.
B) Жазба, баспа түрі.
C) Ашық, тұйық түрі.
D) Баспа, ұяң түрі.
E) Қатаң, ұяң түрі.

1929 жылы қай әліпбиге көшкенімізді табыңыз.
B) Латын әліпбиі.
C) Араб әліпбиі.
D) Түрік әліпбиі.
E) Қазақ әліпбиі.

Қазақ тіліне тән дыбыстардың санын анықтаңыз.
А) 5.
B) 6.
C) 7.
D) 8.
E) 9.

«Қоян» сөзінің құрамында қанша дыбыс, қанша әріп барын анықтаңыз.
А) 5 дыбыс, 4 әріп.
B) 5 дыбыс, 5 әріп.
C) 4 дыбыс, 4 әріп.
D) 4 дыбыс, 5 әріп.
E) 6 дыбыс, 4 әріп.

Орыс әліпбиіне көшкен жылды көрсетіңіз.
А) 1940.
B) 1929.
C) 1924.
D) 1939.
E) 1941.

Қазақ тіліне тән дыбыстар топтастырылған қатарды белгілеңіз.
А) Ә, ғ, қ, к, ң, ө, ү, ұ, і.
B) Ғ, қ, і, к, ә, ң, ө, ү, ұ..
C) һ,ә, ғ, қ, ң, ө, і, ұ, ү.
D) Ы, ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, і.
E) Ә, ғ, ү, қ, ң, ы, ұ, і, у.

Дауысты дыбыстардың жақ қатысына қарай бөлінуін көрсетіңіз.
А) Жуан, жіңішке.
B) Жіңішке, ашық.
C) Ашық, қысаң.
D) Еріндік, езулік.
E) Езулік, жуан.

«Ы» дыбысына тән сипаттаманы табыңыз.
А) Жіңішке, еріндік, қысаң.
B) Жуан, езулік, қысаң.
C) Жуан, езулік, ашық.
D) Жіңішке, езулік, қысаң.
E) Жуан, еріндік, ашық.

Дауысты дыбыстың жасалу ерекшелігін көрсетіңіз.
А) Дауыстап айтуға келетін дыбыстар.
B) Ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстар.
C) Ауа өкпеден кедергісіз шығып, үн мен қоса салдыры бар дыбыстар.
D) Салдырдан жасалған дыбыстар.
E) Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстар.

Дауысты дыбыстардың тіл қатысына қарай бөлінуін көрсетіңіз.
А) Жіңішке, ашық.
B) Жуан, жіңішке.
C) Ашық, қысаң.
D) Жуан, ашық.
E) Еріндік, езулік.

Құрамында үш дауысты дыбысы бар сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) Көмек, бақташылар.
B) Барымташы, жақсылық.
C) Келіссөз, жеңілдік.
D) Сағыныш, аспан.
E) Тапсырма, табалдырық.

Сөз соңында келмейтін дауыстылар қатарын табыңыз.
А) А, ы, ө.
B) Ы, і, о.
C) Ә, о, и.
D) Ү, ы, ә.
E) Ө, ұ, ү.

Бірыңғай жуан дауыстылардан тұратын сөздерді табыңыз.
А) Ынталы, қауесет, дауылпаз.
B) Ойшыл, әулие, көлеңке.
C) Ұлағат, байланыс, құнарлы.
D) Талап, тілек, керуен.
E) Тәжірибе, дүние, туынды.

Жуан және жіңішке дауыстылар араласып келген сөздерді табыңыз.
А) Найзағай, қолтаңба, дәулет.
B) Ұшқын, жасын, сәуле.
C) Тәлімгер, түлек, талап.
D) Ғарышкер, бапкер, Ақтөбе.
E) Мөлдір, кәусәр, бұлақ.

Бірыңғай жуан дауыстылардың қатарын табыңыз.
А) А, ы, ұ, ө, о.
B) О,ө, ы, і, у.
C) Ұ, ы, а, ә, ү.
D) О, а, ы, у, ұ.
E) У, и, а, ы, і.

Бірыңғай жіңішке дауыстылардан құралған сөздерді табыңыз.
А)Сабыр, салмақ, сәлем.
B) Көмек, кітап, бағбан.
C) Қауіп, қатер, күнә.
D) Сезім, төзім, білім.
E) Кеңшілік, дәурен, қадір.

Ашық дауысты дыбыстар қатарын табыңыз.
А) А, ә, о, ө, е, э.
B) А, ә, ұ, ү, у.
C) Ы, і, и, ұ, ү, у.
D) О. ө, а, ә, е, у.
E) А, ә, е, о, ө, ұ, ү.

Қысаң дауысты дыбыстан құралған қатарды табыңыз.
А) Күшік, кешік.
B) Ыстық, қапырық.
C) Қыран, тұлпар.
D) Дәстүр, мүлік.
E) Түлкі, күлкі.

Ашық және қысаң дауыстылар араласып келген сөздер қатарынтабыңыз.
А) Көгілдір, бозша.
B) Масаты, төзім.
C) Күлкі, түлік.
D) Ырыс, құдірет.
E) Уақыт, тұрмыс.

Бірыңғай еріндік дауыстылардан құралған сөздерді табыңыз.
А) Отан, ел.
B) Бұлбұл, құс.
C) Ұрпақ, жәдігер.
D) Төзім, молшылық.
E) Уақиға, толқын.

Еріндік және езулік дауыстылар араласып келген сөздерді анықтаңыз.
А) Құштарлық, құлаш.
B) Жарық, жаңалық.
C) Тән, жан.
D) Жазылым, айтылым.
E) Береке, бірлік.

Еріндік дауыстылар қатарын анықтаңыз.
А) О, ө, у, ұ, ү.
B) А, ә, о, ө, ұ, ү.
C) Ұ, ү, ы, і, о, ө.
D) У, ұ, ү, а, ә.
E) У, о, ө, ы, і.

Бірінші буыны езулік дауыстыдантұратын сөзді анықтаңыз.
А) Өмір.
B) Қарақұм.
C) Ұстаз.
D) Мұздақ.
E) Ошаған.

Дауыссыз дыбыстар санын анықтаңыз.
А) 24.
B) 25.
C) 26.
D) 27.
E) 30.

Дауыссыздар жасауға қажетті қатарды анықтаңыз.
А) Салдыр мен дыбыс.
B) Үн мен салдыр.
C) Дыбыс пен үн.
D) Салдыр мен дауыс.
E) Дауыс пен үн.

Дауыссыз дыбыстардың түрінанықтаңыз.
А) 4.
B) 2.
C) 6.
D) 5.
E) 3.

Үнді дауыссыздардың жасалуын көрсетіңіз.
А) Салдыр мен үннен жасалып, үні басым болады.
B) Үн мен салдырдан жасалып, салдыры басым болады.
C) Үн мен дыбыстан жасалып, үні басым болады.
D) Салдыр мен дауыстан жасалып, салдыры басым болады.
E) Дыбыс пен үннен жасалып, дыбысы басым болады.

Бірыңғай үнді дауыссыз қатысқан сөздер қатарын табыңыз.
А) Раушан, келбет.
B) Оспан, өмірлік.
C) Ұсыныс, ынтымақ.
D) Лағыл, дүние.
E) Лаула, өнер.

Үнді дауыссыздардың қатарын көрсетіңіз.
А) Р, л. й, у, м, н, ң.
B) П, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ.
C) Б, в, г, ғ, д, з, ж.
D) Т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ, р, л, м, н.
E) У, м, н, ң, б, в, г, ғ, д, з, ж.

Мақал құрамындағы үнді дауыссыздардың санын анықтаңыз.
Күшіңе сенбе, ісіңе сен.
А) 4.
B) 6.
C) 3.
D) 2.
E) 5.

Қатаңдардың жасалу жолын көрсетіңіз.
А) Тек қана үннен тұрады.
B) Салдырдан жасалады.
C) Үннен салдыры басым болады.
D) Салдырдан үні басым болады.
E) Үнге қоса дыбысы болады.

Қатаң дауыссыздан басталған тұрақты тіркесті табыңыз.
А) Жаны мұрнының ұшына келу.
B) Аузын майлау.
C) Көзінен таса қылмау.
D) Беті бүлк етпеу.
E) Мұрнына исі бармау.

Өзара жұп құраған қатаңдар қатарының дұрысын белгілеңіз.
А) С, ш.
B) Қ, ғ.
C) Т, с.
D) Ц, щ.
E) Т, ж.

Сөз соңында келген қатаң дауыссызды қатарды табыңыз.
А) Ұшақ, анар, арық.
B) Шама, нарық, ысырап.
C) Тулақ, бейбітшілік, атырап.
D) Орыс, көмір, өркеш.
E) Уақыт, таңғыш, ұран.

Ортаңғы буында ұяң дауыссыз келген қатарды табыңыз.
А) Аңсарым.
B) Жартыкеш.
C) Бұрынғы.
D) Зымыра.
E) Қажырлы.

Ұяңнан басталып, ұяңға аяқталған сөзді көрсетіңіз.
А) Жауын.
B) Дарқан.
C) Дарбыз.
D) Болат.
E) Ғасыр.

Ұяң дауыссыздан басталған қатарды табыңыз.
А) Түйменің инесіз күні жоқ.
B) Ерінген екі істейді.
C) Шам жарығы түбіне түспейді.
D) Жол азабы – көр азабы.
E) Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.

Құрамында ұяң дауыссызы бар сөзді көрсетіңіз.
А) Қырсық.
B) Мәлімет.
С) Намыс.
D) Ықылас.
E) Тағдыр.

Сөз басында келмейтін дауыссызды көрсетіңіз.
А) Ж.
B) Ф.
C) Т.
D) У.
E) Ң.

Сөз соңында келмейтін дауыссызды көрсетіңіз.
А) У.
B) Һ.
C) Ғ.
D) Ң.
E) Й.

Скачать - 253_fuc.doc [283,5 Kb] (cкачиваний: 13)

Теги:

Другие новости по теме:

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.