» » » » 90 вопросов по географии на казахском языке.
0

90 вопросов по географии на казахском языке.

Автор: Adminкатегория: Ученику / География / Тестыдата: 2-09-2016, 23:29
1. Жердің ортасынан экваторға дейінгі ара қашықтық:
А) 6375 км.
В) 6370 км.
С) 6356 км.
D) 6378 км.
Е) 6359 км.

2. Мәскеудің Оңтүстік-Батысында орналасқан қырат:
А) Волжск маңы.
В) Днепр маңы.
С) Каспий маңы.
D) Қара теңіз маңы.
Е) Орта орыс қарты.

3. Таудың сүйір басы-бұл:
А) Шың.
В) Жанартау.
С) Жота.
D) Қатпар.
Е) Жатпар.

4. Әрбір 10м биіктікте қысым төмендейді:
А) 2мм.
В) 1,5мм.
С) 6мм.
D) 10мм.
Е) 1мм.

5. Орыстар, украиндар, белорустар...нәсілдеріне жатады.
А) аралас
В) монголоид
С) европалық
D) экваторлық
Е) австралид

6. Жер шарындағы кұрлықтың көлемі:
А) 150 млн.шаршы километр.
В) 194 млн.шаршы километр.
С) 190 млн.шаршы километр.
D) 149 млн.шаршы километр.
Е) 146 млн.шаршы километр.

7. Қазақстан орман ресурсының басым ағаш түрі:
А) Көктерек.
В) Самырсын.
С) Сексеуіл.
D) Қарағай.
Е) Қайың.

8. Дүние жүзілік мұхит табиғат кешеніне жата ма?
А) Аралдар тобы ғана жатады.
В) Тек оның жеке бөліктері жатады.
С) Жатпайды.
D) Жатады.
Е) Тек ішкі теңіздері ғана жатады.

9. Біздің планетада тіршілік қашан пайда болды?
А) 3млрд. жыл бұрын шамасында.
В) 4-4,5млрд.жыл бұрын.
С) Адамның пайда болуымен бірге.
D) Төртік кезенде.
Е) 570мсн.жыл бұрын.

10. Австралияның көп бөлігі қай климаттың белдеуінде:
А) Субтропикалық.
В) Субэкваторлық.
С) Тропиктік.
D) Қоңыржай.
Е) Субарктикалық.

11. ... «көгілдір мұхит шөлі» деп аталады.
А) Кариб теңізі
В) Норвегия теңізі.
С) Мексика шығанағы.
D) Жерорта теңізі.
Е) Саргасс теңізі.

12. Антропегондік табиғат кешені.
А) Шөлдер.
В) Бөгендер мен парктер.
С) Көлдер мен батпақтар.
D) Орман.
Е) Өзен аңғарлары.
Аулы адамдары бұларды қызыға тындайды.

13. Қазақстан Ғылым Академиясының Тұнғыш Президенті, Леніндік жәнеМемлекеттік сыйлықтардың лауреаты.
А) И.В.Мушкетов.
В) Әл-Фараби.
С) Қаныш Сәтпаев.
D) П.П. Семенов-Тян-Шанский
Е) Шоқан Уәлиханов.

14.Республиканың оңтүстік батысы мен оңтүстігіндегі жазықтықты анықтау:
А) Тұран жазығы.
В) Бетпакдала.
С) Балқаш маңы.
D) Батыс-Сібір.
Е) Каспий маңы.

15. Қос мекенділердің барынша көбеюі болған дәуір.
А) Ордовик.
В) Пермь.
С) Силурий.
D) Карбон.
Е) Девон.

16. Қазақстанның климаты.
А) Муссонды.
В) Теңіздік.
С) Континентті.
D) Шұғыл континентті.
Е) Қоңыржай.

17. Есіл өзенінің суының ең төмен кезі.
А) Жалдың барлық мезгілінде.
В) Қыста.
С) Күзде.
D) Көктемде.
Е) Жазда.

18. ...рудаларының дүние жүзі бойынша қорының жартысынан астамы Қазақстанның жер қойнауында кездеседі.
А) Қорғасын.
В) Марганец.
С) Хром.
D) Мырыш.
Е) Никель.йге.

19. Орманды дала зонасындағы мал шаруашылығының негізгі даму бағытын көрсет:
А) Сүтті мал шаруашылығы.
В) Етті мал шаруашылығы.
С) Құс шаруашылығы.
D) Етті-жүнді мал шаруашылығы.
Е) Етті-сүтті мал шаруашылығы.

20. Азиядағы ірі тау жүйесі.
А) Алтай.
В) Тянь-Шань.
С) Альпі.
D) Карпат.
Е) Орал.

21. Қорық дегеніміз -
A) тек ғылыми жұмыс жүргізуге рұқсат етілген, мемлекеттік қорғауға алынған аймақ.
B) емдік мақсатқа арналған, қорғауға алынған аймақ.
C) жартылай шаруашылық әрекетіне рұқсат етілген мемлекеттік қорғауға алынған аймақ.
D) туристерге рұқсат етілген, мемлекеттік қорғауға алынған аймақ.
E) дем алуға арналған, мемлекеттік қорғауға алынған аймақ.

22. Рудный қаласы қандай темір руданың кен орындарында бас көтерді?
A) Жезді және Сарыбай.
B) Мақат және Аят.
C) Қашар, Лисаков.
D) Соколов және Сарыбай.
E) Қаражал, Құлсары.

23. Мыс өнеркәсібінің ірі комбинаттары:
A) Қарсақпай, Ащысай.
B) Қарағанды, Ертіс.
C) Жезқазған, Шымкент.
D) Балқаш, Жезқазған.
E) Балқаш, Теміртау.

24. Биенің сүтін белгілеңіз:
A) Шұбат.
B) Айран.
C) Қымыз.
D) Қымыран.
E) Ірімшік.

25. Шығыс Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптің басты орталығы:
A) Өскемен.
B) Лениногор.
C) Аягөз.
D) Зырян.
E) Семей.

26. Парламенттік республиканың өкімет басшысы,
A) Король.
B) Премьер-министр.
C) Сұлтан.
D) Князь.
E) Президент.

27. Мұсылман діні көп таралған аймақтар.
A) Азия, Африка.
B) Антарктида.
C) Солтүстік Америка.
D) Австралия.
E) Оңтүстік Америка.

28 Табиғат ресурстарының барлық түрлері бар елдер:
A) Қытай, Ресей.
B) Канада, Кувейт.
С) Индонезия, ОАР.
D) Монғолия, Непал.
E) Бутан, Бразилия.

29 Франция неше елмен шектеседі:
А) 5 елмен.
B) 8 елмен.
C) 4 елмен.
D) 1 елмен.
E) 3 елмен.

30. АҚШ-тағы мұнайдың ірі орындарының бірі
A) Слохтерен.
B) Аляска.
C) Энофиск.
D) Солтүстік теңіздік.
E) Трашь.

31. Белгілі жердегі төбенің биіктігін өлшейтін құрап
A) теодолит.
B) планшет.
C) барометр.
D) компас.
E) нивелир.

32. Масштабына қарай карталар неше топқа бөлінеді:
А) 5.
В) 4.
С) 2.
D) 6.
Е) 3.

33. Тегіс төбелер негізінен лайық:
A) Жас тауларға.
B) Орта биіктіктерге.
C) Аласа тауларға.
D) Биік тауларға.
E) Қыраттарға.

34. Ауа райының ауысуының алғашқы нышандары:
A) Ауаның және температураның өзгеруі.
B) Бұлтгар.
C) Желдің бағытымен қысымның өзгеруі.
D) Ауа мөлшерінің өзгеруі.
E) Температураның өзгеруі.

35. Экваторлық нәсілге жататын халықтар ... болып келеді.
A) көзі қысыңқы, терісінің түсі ашық
B) терісінің түсі қара, көздері көк
C) терісінің түсі ашық, шашы толқынды, тік
D) терісінің түсі қара, бүйра қара шашты, еріндері қалың, танауы кең
E) терісінің түсі сарғыш, шаштары ашық түсті, тік

36. Жер бетінің ... дүние жүзілік мұхит сулары алып жатыр.
А) 60 % (пайыз)
В) 71 %(пайыз)
C) 29 % (пайыз)
D) 40 % (пайыз)
E) 25 % (пайыз)

37. Жер бедерінің әркелкі болуының басты себебі:
A) Ішкі күштердің әрекеттері.
B) Адамның шаруашылық әрекеті.
C) Сыртқы күштердің әрекеттері.
D) Жер сілкіну нәтижесінен.
E) Ішкі және сыртқы күштердің өзара әсері.

38. Аралас және жалпақ жапырақты орман зонасында қандай топырақ басым?
A) Қызыл сары ферралит.
B) Сұр топырақ.
C) Қоңыр топырақ.
D) Қара топырақ.
E) Орманның сұр, қоңыр топырағы.

39. Полюске таяу белдеуде... байқауға болатын табиғи құбылыс.
A) ұзақ, суық кыс және жылы жазды
B) поляр күні мен поляр түнін
C) жылы, жұмсақ қыс пен суық жазды
D) таудың етегінен биіктігіне шейін орманды тундраны
E) күн сайын күн мен түннің ауысып келуін

40. Солтүстік Американың Атлант мұхиты жағалауындағы отырықшы халық ... қоныс аударғандар.
A) Үндістаннан
B) Скандинавия елдері мен Исландия аралынан
C) Орта және Оңтүстік Европа елдерінен
D) Қытайдан
E) Австралиядан

41. Африкадағы ең суы көп өзен.
А) Оранжевая.
В) Ніл.
C) Нигер.
D) Конго.
E) Замбези.

42. «Бразилия» атауы ... шыққан.
A) өзен атауынан
B) жануар атауынан
C) ағаш атауынан
D) халық атауынан
E) саяхатшы атауынан

43. Географиялық қабық деп ... айтамыз.
A) материктерді.
B) мұхиттарды.
C) тау жыныстарын.
D) атмосфера, гидросфера, литосфера , биосфера және олардың өзара байланысы мен әрекеттесуін.
E) тау белдеулерін.

44. Қазақстанның солтүстіктен оңтүстікке қарай созылуы.
A) 1000 км.
B) 2200 км.
C) 3200 км.
D) 1600 KM.
E) 900 км.

45. Маңғыстау тауларының жоталары.
A) Қаратау, Ақтау.
B) Жоңғар, Нарын.
C) Іле, Талас.
D) Сауыр, Қалба.
E) Алтай, Орал.

46. Жер сілкінуді зерттейтін ғылым.
A) Сейсмология.
B) Геология.
C) Биология.
D) Экология.
E) Метеорология.

47. Қазақстандағы қолайсыз атмосфералық құбылыстарды ата
A) Көктайғақ.
B) Үсік.
C) Бұршақ.
D) Найзағай.
E) Барлық аталғандар.

48. Қазақстанның өзен алаптары.
A) Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі ағынсыз алап.
B) Атлант мұхиты.
C) Тынық мұхит.
D) Үнді мұхитының алабы.
E) Солтүстік Мұзды мұхит.

49. Қазақстан аумағының қанша %- пайызын шөл зонасы алып жатыр:
A) 44 %.
B) 21 %.
C) 55 %.
D) 35 %.
E) 25 %.

50. Шөлейт зонасының шілде айының орташа температурасы.
А) +21°+22°
В) +22°+24°
С) +16°+18°
D) +20°+22°
Е) +17°+19°

51. Алтай тауының қазіргі жер бедері қалыптасқан дәуір:
A) Кембрий,ордовик.
B) Таскемір.
C) Неоген,антропоген, төрттік.
D) Юра,бор.
E) Силур, девон.

52. Барсакелмес қорығының құланы көшірілген жер.
A) Ақсу-Жабағылы.
B) Қапшағай аңшылық-қорық шаруашылығы.
C) Алматы.
D) Қорғалжын.
E) Марқакөл.

53. 1990 жылдың басында Қазақстандағы қала саны:
A) 180
B) 150
С) 210
D) 84
Е) 75

54. Күрделі техникалық процестерді реттейтін машиналар шығарылатын қала.
A) Кентау.
B) Зыряновск.
C) Өскемен.
D) Талдықорған.
E) Семей.

55. Жеңіл өнеркәсіп салаларының орналасуына әсер ететін факторлар:
A) Жұмысшы әйелдер, табиғат жағдайы.
B) Шикізат,тұтынушы,су көздеріне жақын орналасуы.
C) Көлік,шикізат,су көздеріне таяу орналасуы.
D) Электр энергиясы, шикізат.
E) Шикізат көзіне, тұтынушы, аудандарға жақын орналасуы, маман жұмысшы күшінің болуы.

56. Орталық Қазақстандағы қара металлургияның даму себептері:
A) Шикізат пен отын энергетикасы бар.
B) Мол су көзіне жақын орналасқан.
C) Экономикалық- географиялық орны қолайлы.
D) Көлік жолы жақсы дамыған.
E) Еңбек ресурстарымен жақсы қамтамасыз етілген.

57. Мемлекет басшысы король, император, т.с.с болып келетін басқару түрі.
A) Теократия.
B) Монархия.
C) Федерация.
D) Республика.
E) Әмірлік.

58. АҚШ-тың «мемлекет ішіндегі мемлекет» атына ие болған штаты:
A) Канзас.
B) Орегон.
C) Мичиган.
D) Калифорния.
E) Флорида.

59. Ұлыбританиядағы ірі кеме жасау орталығы:
A) Плимут.
B) Глазго.
C) Бримингем.
D) Шеффильд.
E) Рур.

60. Хаммерсли темір кені бассейні орналасқан:
A) Австралияда.
B) Мексикада.
C) АҚШ-та.
D) Жаңа Зеландияда.
E) Чилиде.

61. Экватордан солтүстікке немесе оңтүстікке белгіленген нүктеге дейінгі доғалдың градуспен берілген өлшемі...
A) географиялық координат.
B) параллель.
C) географиялық ұзындық.
D) географиялық ендік.
E) меридиан.

62. Жердың ішкі қабатының қалыңцығы :
A) 2800 км.
B) 3000 км.
C) 2900 км.
D) 2700 км.
E) 2850 км.

63. Арна деп аталатын, ойпаң арқылы ағатын су ағыны:
A) Мұхит.
B) Өзен.
C) Теңіз.
D) Мұхиттық ағыс.
E) Көл.

64. Орыстар, украиндар, белорустар ... нәсілдеріне жатады.
A) экваторлық
B) австралид
C) европалық
D) аралас
Е) монголоид

65. Топонимика ... зерттейді.
A) Тарихи даму кезеңдерді.
B) Жер бедерін.
C) Жергілікті жердің климат ерекшелігін.
D) Жануарлар атауларын.
E) Географиялық атауларды.

66. Еліміздегі тұщы су көздерін ластаушы ... :
A) Барлығы
B) Өнеркәсіп.
C) Мұнай.
D) Ауылшаруашылығы.
E) Тұрмыстық қалдықтар.

67. Аралас және жалпақ жапырақты орман зонасында қандай топырақ басым?
A) Қара топырақ.
B) Қызыл сары ферралит.
C) Қоңыр топырақ.
D) Орманның сұр, қоңыр топырағы.
E) Сұр топырақ.

68. Полюске таяу белдеуде... байқауға болатын табиғи құбылыс.
A) жылы, жұмсақ қыс пен суық жазды
B) күн сайын күн мен түннің ауысып келуін
C) ұзақ, суық қыс және жылы жазды
D) таудың етегінен биіктігіне шейін орманды тундраны
E) поляр күні мен поляр түнін

69. Көптеген оқымыстылардың пікірі бойынша адамзаттың алғашқы қоныстанған Отанын анықтау:
A) Солтүстік Африка мен Еуразияның оңтүстік шығысы.
B) Батыс Еуразия.
C) Батыс Еуразия және оңтүстік Африка.
D) Африканың солтүстік шығысы мен Еуразияның оңтүстік батысы.
E) Солтүстік Африка.

70. Африканың оңтүстік шеткі нүктесі.
A) Игольный мүйісі.
B) Мейірімді Үміт мүйісі.(Доброй Надежды)
C) Альмади мүйісі.
D) Рас-Хафун мүйісі.
E) Рас-Энгела мүйісі.

71. Митчелл қандай таудың - ең биік бөлігі:
A) Сьерра-Неваданың.
B) Андының.
C) Кордильердің.
D) Аппалачтың.
E) Сьерра-Мадренің.

72. Географиялық қабық компоненттерінің біртұтас болып келу себебі... байланысты.
A) зат және энергия айналымына.
B) су айналымы мен ауаның ауысып келуіне.
C) өсімдіктерден оттегінің бөлінуіне.
D) биологиялық зат айналымға.
E) температура режимі мен жауын-шашын мелшеріне.

73. Егіндікті суландыруға ... су кетеді.
A) 50 %
B) 80 %
C) 60 %
D) 70 %
E) 10 %

74. Мына географиялық объектілердің қайсысы ойпат болып табылады:
A) Балқаш маңы.
B) Батыс-Сібір.
C) Үстірт.
D) Бетпақдала.
E) Жалпы Сырт.

75. Қазақстандағы мыс рудаларының кен орындары.
A) Екібастұз.
B) Жезқазған.
C) Павлодар.
D) Қаратау.
E) Соколов.

76. Бірдей қысымы бар жерлерді қосатын сызықтар.
A) Изотерма.
B) Изобара.
C) Циркуляция.
D) Горизонталь.
E) Сызықтар

77. Қазақстандағы көлемі жөнінен үшінші орындағы көл.
А) Балқаш.
В)Зайсан.
C) Сілеті.
D) Теңіз.
E) Алакөл.

78. Шөлейт зонасының топырақ қабатының шіріндісі неше %:
A) 9-10 %.
B) 4-5 %.
C) 2-3 %.
D) 7-8 %.
E) 0-1 %.

79. Қазақстанда бұлан (лось) кездесетін жер.
A) Орталық.
B) Батыс.
C) Солтүстік.
D) Шығыс.
E) Оңтүстік.

80. В. А. Федорович басқарған ғалымдар тобы Қазақстан аумағын ... табиғи өлкеге бөлді.
А) 4
В) 8
С) 2
D) 6
Е) 10

81. Қорғалжын қорығының көркі.
A) Құлан.
B) Дала қойы.
C) Қоқиқаз.
D) Шырша.
E) Орақ тұмсық.

82. Қазақстанның ең ірі су қоймасы -
A) Вячеслав.
B) Шардара.
C) Қапшағай.
D) Бұқтырма.
E) Теміртау.

83. Еңбек ресурстарының үлес салмағы орташа көрсеткіштен жоғары облыстар аймағын атаңыз:
A) Оңтүстік.
B) Батыс.
C) Орталық.
D) Шығыс.
E) Солтүстік.

84. Қарағанды кемірі сапасы жоғары, себебі оның құрамында төмен мөлшерде:
A) Фтор мен калий.
B) Азот пен күкірт.
C) Газ және қышқыл.
D) Калий мен магний.
E) Күкірт пен фосфор.

85. Оңтүстік Қазақстанда ғана өсірілетін үй жәндігі:
A) Жібек құрты.
B) Марал.
C) Құс.
D) Омарта.
E) Бау-бақша.

86. Батыс Қазақстандағы суперфосфат тыңайтқышын шығару орталығы.
A) Ақтау.
B) Атырау.
C) Орал.
D) Ақтөбе.
E) Алға.
87. Көмір өндіруден алдыңғы орында:
А) Үндістан.
В) Австралия.
С)АҚШ
D) Ресей.
E) Қытай.

88. Африка пілдерінің күрт кему себебі:
A) Жем-азықтың жетімсіздігі.
B) Табиғи кему.
C) Ауру.
D) Судың жетімсіздігі.
E) Аулау, браконьерлік.

89. Латын Америкасындағы ОПЕК-ке мүще ел:
A) Колумбия.
B) Венесуэла.
C) Бразилия.
D) Аргентина.
E) Перу.

90. Австралияда бидай егістігімен айналысатын негізгі аудандар ... орналасқан.
A) солтүстігінде
B) батысында
C) оңтүстік-батысында
D) солтүстік-шығысында
E) оңтүстігінде

Теги:

Другие новости по теме:

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.